Текст
Жаздың бірінші күні Қазақстанда әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі.1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні (ағылшын тілінде "International Children ' s Day") жыл сайын бүкіл әлемде өткізіле бастады.
Балаларды қорғау күні – бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, бұл барлық балалардың бақытты өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің тамаша ата-аналары мен азаматтары болуы үшін баланың құқығын қорғау қажеттілігі туралы қоғамға еске салу.
Мектеп тәлімгері В. П. Галич біздің мектептің балаларына арналған бейнеролик - құттықтау дайындады.