"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Каменка ауылының  жалпы орта  білім беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа  села Каменка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области

Әлеуметтік желілерімізде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

 

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

1. Жалпы ережелер

        1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің "Каменка ауылының ЖББМ" КММ. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Каменка ауылы,  Школьная көшесі ,17

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің     " Каменка ауылының ЖББМ " КММ-де 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2023 жылы Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің "Каменка ауылының ЖББМ" КММ " 19 қызмет көрсетілді;

- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген-0 қызмет;

- мемлекеттік қызметтердің электрондық нұсқасында 6 қызмет;

- көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада  - 13 қызмет.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";

"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру";

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".

"Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттар қабылдау және жолдамалар беру

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

        1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ақпараттық стенділерде орналастырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік - құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің "Каменка ауылының ЖББМ" КММ" нормативтік-құқықтық актілер әзірленбеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2023 жылы Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің "Каменка ауылының ЖББМ" КММ " мектептің интернет – ресурсы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің “Каменка ауылының ЖББМ " КММ-де бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің "Каменка ауылының ЖББМ" КММ-де " мемлекеттік қызметтерді 1 қызметкер көрсетеді, ол қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

 4. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

        2024 жылы Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің "Каменка ауылының ЖББМ" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылады.

Мектеп директорының м.а.:                             О.Ритгамер

 Орындаушы:  Рингельман С.А.

Тел № 71641 25 664

 

 

Жаңартылған күні: 27.02.2024 10:09
Құрылған күні: 27.02.2024 10:09

Текст