"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Каменка ауылының  жалпы орта  білім беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа  села Каменка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области

Әлеуметтік желілерімізде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп

2024 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер
    Мекенжай: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Каменка ауылы, Школьная көшесі, 17.

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
    "Каменка ауылының ЖОББМ" КММ білім беру саласында 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

  • 2023 жылы 19 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

    • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген – 0 қызмет;
    • Электрондық нұсқада – 6 қызмет;
    • Қағаз нұсқада – 13 қызмет.
  • 2024 жылы 35 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

    • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген – 0 қызмет;
    • Электрондық нұсқада – 14 қызмет;
    • Қағаз нұсқада – 21 қызмет.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

  1. Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер
    Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
  • "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды аудару үшін құжаттарды қабылдау";
  • "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау";
  • "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру".

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары
    Барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған http://sc0011.astrahanka.aqmoedu.kz
    Білім басқармасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен ережелері жарияланған.
    Сондай-ақ, ведомстволық бағынысты ұйымдардың барлығында ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау
    Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын талқылау ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталы арқылы жүргізіледі.
    "Каменка ауылының ЖОББМ" КММ-де нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету шаралары
    "Ақмола облысы, Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Каменка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 2 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
    Ай сайын БАҚ арқылы және көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді.
    Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске қосылған.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (ҚР БҒМ) ММ АЖО жүйесі қолданылады. Бұл жүйеде 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары
    2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және болашақ жоспарлар

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға ҚР заңнамасының сақталуын бақылау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

2025 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Жаңартылған күні: 28.02.2025 09:33
Құрылған күні: 28.02.2025 09:41

Текст