"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Каменка ауылының  жалпы орта  білім беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа  села Каменка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области

Әлеуметтік желілерімізде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тапқыр болсаң – тауып көр.

15.02.2017

Тақырыбы : Тапқыр болсаң – тауып көр.

Мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға жұмбақтар туралы әдеби білім беру,  білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа  тәрбиелеу. 

3.Дамытушылық: оқушылардың  логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал – тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті топ мүшелері, жан күйерлер! Біздің бүгінгі ойынымыз « Тапқыр болсаң – тауып көр » арналған сайысымызды бастайық.

Тілім менің тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өшсе тілім менде бірге өшемін,

Өссе тілім менде бірге өсемін.

(Ә. Тәжібаев)

1 - кезең:  « Мықты болсаң, тауып көр»

Ойынның шарты: Жүргізуші мақалдың 1 - ші жартысын айтады,

сайыскер мақалды аяқтауы керек. Қай топ 1 - ші жауап береді.

№1 - топ

1. Ине көзінен сынады,..... (шешен сөзінен сынады)

2. Тіл қылыштан......(өткір)

3. Тіл тас жарады, Тасжармаса......(бас жарады)

4.Шешеннің тілі –......... (Шебердіңбізі)

5.Қызыл тіл жанның мияты,.... (Аброй– ердің қуаты.)

6.Жақсының сөзі ақыл шақырады,.... (Жаманның сөзі ашу шақырады).

№2 -топ

1.Айта білмесең мақалдың мәні болмайды,...... (Жасай білмесең астың дәмі болмайды)

2.Сөйлей – сөйлей шешен боласың,... (Көре – көре көсем боласың)

3.Аузы жаман елді былғар,... (Аяғы жаман төрді былғар)

4.Мақал атасы сөз,... (Мата атасы бөз)

5.Батыр туса ел ырысы,... (Жаңбыр жауса жер ырысы)

6.Нақыл қайдан шығады ой болмаса,.... (Киіз қайдан шығадық ой болмаса.)

7.Жақсыдан үйрен,.... (Жаманнан жирен).

2 - кезең « Жұмбақтар»   

Ойынын шарты жүргізуші жұмбақ жасырады оны сайыскерлер табу керек.

1. Тіршілік ауысар тек

Ұстасаң қауқар жоқ.

Айналам қоршау көп

Одан асқан кәусәр жоқ.(ауа)

2. Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып,

Қарасаң толып жатыр көзіңді ашып.

Үйіме сәулеленіп түссе жарық,

Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып. (Жұлдыз)

3. Тартылған екі арқаны ұзын бойға,

Сөйлеуге сондай шебер тапсаң айла

Әр жерде аршындалған балдағы бар,

Ойнайды он бармағың білсе ыңғай. (Домбыра)

4. Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде баурын жазып.

Ішінде толып жатқан қазына бар,

Қорекқыппайдаланартамам халық. (Кітап, оқу)

5.Екі ағайынды,

Екеуі бір үйде.

Бірін – бірі көрмейді. (Көз)

6. Әй, керемет бірит бар,

Үйб ағады, үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді,

Ұрық сатсыз олиттен

Адам үйге кімейді. (Құлып)

7. Ұзын – ұзынұз келед,

Ұзын бойлы қыз келед.

Қашау басы қалтылдап,

Сәукелесі жалтылдап. (Жол)

8. Өмір - өмір, өмірден,

Өмір оты көмірден.

Зымыран деген бір құс бар,

Жұмыртқасы темірден. (Мылтық пен оқ)

Жүргізуші: Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

Ал, енді бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды. Қош сау болыңдар.

Просмотров: 748

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст