Текст
28.11.2025
25 қарашада Каменка ауылындағы ЖОББМ-де А.А. Барабан кітапханашысының ұйымдастыруымен «Кітап еліне саяхат» өткізілді. Бұл саяхаттың мақсаты – кітапханамен таныстыру, балалардың көкжиегін кеңейту, оқуға деген ниетін ояту, балаларды оқуға баулу, кітаптарға ұқыпты қарауға үйрету және кітапханадағы дұрыс мінез-құлық ережелерін үйрету болды.