9 сынып оқушыларымен "Шылым шегу, есірткі мен ішімдік адам ұрығының дамуына тигізетін әсері" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар белсенді қатыса отырып өз білімдерін көрсетті, адам ұрығының дамуы сұрақтарына жауап берді, жеке және топтасып жұмыстанып белсенділігін көрсетті.
7-8 сынып оқушылары «Қызықты география» ойынына белсене қатысып, география бойынша өз білімдерін көрсетті, викторина сұрақтарына жауап берді, елдер мен құрлықтарды анықтады, алғашқы саяхатшылар туралы әңгімеледі.
Химия,биология, география апталығында "Каменка ауылының ЖОББМ" КММ-де 7-9 сынып оқушылары "Айналамыздағы химия"тақырыбындағы викторинаға белсенді қатысты,өз білімдерін көрсетті,викторина сұрақтарына жауап берді,олардың қосылу және реакция элементтерін анықтады