Текст
Бүгін Каменка ауылының мектебінде «Бірлік пен келісім жолында» атты тарих сағаты өтті. Тарих мұғалімі Барабан И.А. 10 сынып оқушыларымен елдегі бірлік пен ынтымақтастықтың рөлі туралы әңгіме өткізді. Іс-шараға Каменка ауылының құрметті тұрғыны, Каменка ауылдық округінің бұрынғы әкімі Наталья Васильевна Поплавская қатысты. Наталья Васильевна көп жыл әкім болып жұмыс істеді, және де оның үлесіне ауыр 90-шы жылдар түскенін атап өту керек.
Балалармен әңгіме барысында ол ауылдың өмірі туралы көптеген танымдық, кей жерлерде тіпті әсерлі әңгімелеп, жас ұрпаққа тәлім берді. Бұл іс-шара өскелең ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік құндылыққа ие болды.