Текст
1 наурыз-Алғыс айту күні-бұл еліміздің әрбір азаматының бір-біріне құрмет көрсету күні.
Алғыс айту күні-қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын күні. Қазақстан халқы алғаш рет Алғыс айту күнін 2016 жылы атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан халықтары Ассамблеясы күні, 1 наурыз - "Алғыс айту"күні деп жариялады.
Бұл күні мектепте мерекеге арналған онлайн сабақтар өтті. Балалар презентацияларды көріп, бейнематериалдарды тыңдады, өз пікірлерін жазды. Бұл мерекенің мақсаты-өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне құрмет пен достық сезімдерін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайту.