Құрметті оқушылар, қадірлі ата-аналар және сайт қонақтары!
Сіздерді мектебіміздің ресми парақшасында қарсы алуға қуаныштымын. Мұнда сіздер біздің жұмысымыз, оқушылар мен педагогтердің жетістіктері, сондай-ақ мектеп өмірін мазмұнды әрі қызықты ететін іс-шаралар туралы ақпарат таба аласыздар.
Біздің мектеп — тек білім беретін орын ғана емес, сонымен қатар даму, қарым-қатынас және өзін-өзі жүзеге асыру кеңістігі. Біз әрбір бала өз қабілетін ашып, өзіне сенімділік қалыптастырып, жетістікке жете алатын жағдай жасаймыз.
Біздің жұмысымыздың өзегінде — оқушы, оның қызығушылықтары, денсаулығы және болашағы. Педагогикалық ұжыммен және ата-аналармен бірлесе отырып, біз тек білім алып қана қоймай, тұлға ретінде дамуға мүмкіндік беретін білім беру ортасын қалыптастырамыз.
Сіздерге сенімдеріңіз бен ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіремін.
Құрметпен,мектеп директоры
Кабдулин Ринат Төлеубайұлы
25.05.2026
Бүгін мектебімізде ерекше толқыныс пен қуанышқа толы «Соңғы қоңырау» мерекесі өтті
Бүгін мектебімізде ерекше толқыныс пен қуанышқа толы «Соңғы қоңырау» мерекесі өтті ✨
Салтанатты жиында оқу озаттары, белсенді оқушылар, ұстаздар мен мектеп қызметкерлері марапатталып, олардың еңбегі мен білім жолындағы жетістіктері ерекше атап өтілді. Барша...
13.05.2026
Мектебімізде 9 Мамыр — Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Тағзым етеміз сол бір ұлы жылдарға…
Мектебімізде 9 Мамыр — Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Оқушылар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін еске алып, өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. Батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ерлік...
24.04.2026
2025–2026 оқу жылының аяқталуы қарсаңында 9-сынып түлектері, олардың ата-аналары мен педагог-кәсіптік бағдар берушілер үшін 21 сәуір күні Астраханка ауылындағы «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК-да Ашық есік күні өткізілді.

Кездесу барысында қонақтарды...
15.04.2026
13 сәуір біздің мектепте ерекше басталды: Ғылым күнін мерекелеу аясында Глотов А.В. және Қайырғалиев Е.М. мұғалімдер физика мен химия бойынша тәжірибелер көрсетіп, оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

02.04.2026
Жас педагог» онкүндігі аясында: «Географиялық лото» ойыны!
Жас педагог» онкүндігі аясында: «Географиялық лото» ойыны!
Бүгін мектебімізде нағыз зияткерлік баттл өтті. Оқушылар мемлекеттерді туы мен контуры арқылы танып, картамен жұмыс істеу шеберлігін сынады.
17.03.2026
«Жол картасы» жоспарын іске асыру аясында «21 ғасыр ойлауы: мұғалім мен жасанды интеллект – білім беру үдерісінің тең авторлары» атты семинар өтті.
«Жол картасы» жоспарын іске асыру аясында «21 ғасыр ойлауы: мұғалім мен жасанды интеллект – білім беру үдерісінің тең авторлары» атты семинар өтті. География және биология пәнінің мұғалімі Қайырғалиев Е.М. педагогикалық қауым алдында ең көп сұранысқа ие...
12.03.2026
Мектебімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем мен сұлулық мерекесі» атты іс-шара өтті
Мектебімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем мен сұлулық мерекесі» атты іс-шара өтті
Оқушылар аналар мен ұстаздарға арнап ән айтып, өлең оқып, жылы лебіздерін білдірді. Мереке көтеріңкі көңіл күй сыйлады!
26.02.2026
Біздің мектебімізде педагогтар мен жоғары сынып оқушылары арасында арқан тартыстан қызықты жарыс өтті
Біздің мектебімізде педагогтар мен жоғары сынып оқушылары арасында арқан тартыстан қызықты жарыс өтті
18.02.2026
Қазақстан Республикасының Конституциясы және педагогикалық әдеп қағидалары туралы қысқаша әңгіме өткізілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы және педагогикалық әдеп қағидалары туралы қысқаша әңгіме өткізілді.
Білім беру үдерісіндегі құқықтар мен міндеттер, мұғалімнің құқықтық мәдениеті мен кәсіби жауапкершілігі талқыланды.
Конституция нормалары мен әдеп...
10.02.2026
Бүгін үзілісте мектеп өзін-өзі басқару лидерлері бастауыш сынып оқушыларына «пайдалы үзіліс» ұйымдастырды, «Қауіпсіздік әліппесі» деген ұранмен. Балалармен бірге жол ережелерін жұмбақтар, тапсырмалар мен ойындар арқылы қайталады.